Тараз көшелерінің14 негізгі қиылысында «ақылды бағдаршам» орнатылды

0 9
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және апатты азайту мақсатында жамбылдық әкімшілік полиция басқармасы өңірдің автожолдарына 1 508 тексеру жүргізген. Бұл ретте 11 492 шақырым жол қамтылып, 9 500-ге жуық ақау анықталыпты. Оған қоса, берілген нұсқамалар аясында 3 114 жол белгісі орнатылған, 6 800 шақырымнан аса жол таңбалары сызылған, 154 мың шаршы метр шұңқыр жөнделген, 46 жол буфері ауыстырылған, 1 660 сигнал бағанасы мен 8 515 катафот орнатылған.
Бұл туралы Жамбыл облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жайдарбек Құттыбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында баяндады.
Оның айтуынша, автокөлік жолдарына дұрыс қызмет көрсетпегені және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін аймақтағы 190 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған екен. Одан бөлек, Тараз қаласы әкімдігінің Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Меркі ауданы, Т.Рысқұлов ауылдық округі әкімдіктері 3 млн. 71 мың теңгені құрайтын айыппұл төлеген.
Ол жануарлардың жолдың жүру бөлігіне шығып кетпеуі «Батыс Европа — Батыс Қытай» автожолының 2 учаскесіне, әр бағытта 3 шақырымнан «Электрпастух» құрылғысы орнатылғанын айтты. Яғни, малдар «Элекропастух» қоршауына тигенде электр тоғының соғуын сезеді екен. Сондай-ақ осы автодәліздің 392, 453, 580 шақырырымдарына жолдың 2 бағытында да орын тепкен демалыс алаңшаларына жасанды жарықтандыру шамдары қойылған. Рөлде ұйықтап кету себебімен және жол-көлік оқиғалары жиі орын алатын аймақтарда 700 шақырымнан астам шулы жолақтар жаңартылған.
Leave A Reply

Your email address will not be published.