Тараз қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

0 18

Тараз қаласы әкімінің 2022 жылғы 27 мамырдағы өкімімен Исмаил Қайрат Абилханұлы Тараз қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Ол 1978 жылы 8 сәуірде Жамбыл облысы, Тараз қаласында туылған.
2000 жылы Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігінің Қарағанды заң институты «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
Еңбек жолын, 1996 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды Заң институтының тыңдаушысы болып бастаған.
2000 – 2001 жылдары Жамбыл облыстық Ішкі Істер басқармасының тергеушісі, аға тергеушісі;
2001 – 2008 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің жедел уәкіл, аға жедел уәкіл, бөлім бастығы;
2010 – 2013 жылдары «Қазақстан Халық банкі» акционерлік қоғамына қарасты «КСС»Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Жамбыл облысы бойынша өкілдігінің бас менеджері;
2013 – 2014 жылдары Бәйтерек ауылдық округі әкімі аппаратының құжаттама құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
2014 – 2016 жылдары Байзақ ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және мемлекеттік – құқықтық жұмыс бөлімшесінің басшысы;
2016 – 2017 жылдары Диқан ауылдық округінің әкімі;
2017 – 2018 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің облыс әкімінің бас инспекторы;
2018 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру – инспекторлық бөлімі облыс әкімінің бас инспекторы;
2018 – 2019 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының қаржы – экономикалық бөлімінің басшысы;
2019 – 2022 жылдары Байзақ ауданы әкімінің орынбасары;
2022 жылғы 27 мамырынан бастап Тараз қаласы әкімінің өкімімен Тараз қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.