Тараз қаласын түнгі жарықтандыруға айрықша көңіл бөлінуде

0 3

Кейінгі жылдары Тараз қаласын дамыту бағытында ауыз толтырып айтарлықтай ауқымды істер атқарылуда. Бір ғана «Таразға тарту» жобасы аясында жаңа аллеялар пайда болып, шаһардың шырайы арта түсті. Енді, түнгі жарықтандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінуде ол туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында жан-жақты сараланды.

Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Әбдешовтың айтуынша, Тараз қаласындағы 24 ғимаратты жаңа үлгі бойынша жарықтандыру жоспарлануда. Олардың қатарында Тараз қаласының әкімдігі, «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы, Баспасөз үйі сынды нысандар бар.

— Әлеуметтік желілерде көшелерді жарықтандыруға байланысты көптеген сын-ескертпелер жазылып жатады. Біз бұл мәселеге бейжай қарамауымыз керек. Сондықтан да жаңа үлгіні енгізуді біз қолдауымыз қажет. Оның ішінде «Арай Плаза» бизнес орталығы сияқты  кәсіпкерлік құрылымдары да бар.   Облыс орталығы түнгі уақытта ерекше жарқырап, ғимараттар алыстан көз тартып тұруы тиіс,-деген Бердібек Сапарбаев жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Жиын барысында  әрбір нысан бойынша  жауапты басшылар бекітіліп, жұмысты жандандыру үшін 1 ай уақыт берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.