Тараз қаласында «Байтал-Антитеррор-2022» антитеррористік оқу-жаттығулары өтеді

0 13

Ағымдағы жылдың 5 сәуірінде сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін Жамбыл облыстық терроризмге қарсы күрес жедел штабы Тараз қаласында ( Мәмбет батыр көшесі)_ «Байтал-Антитеррор-2022» антитеррористік оқу-жаттығуын өткізуді жоспарлап отыр.

Іс-шараның мақсаты құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының терроризмнің шартты актісіне шұғыл ден қою және оны кесіп өту, сондай-ақ оның салдарын барынша азайту және жою жөніндегі міндеттерді орындауда тәжірибелік дағдыларын пысықтау болып табылады.

Түрлі күрделілік элементтері бар жауынгерлік жағдайларға барынша жақындатылған оқу-жаттығуларға жедел штабқа адамдардың және арнайы техниканың едәуір саны тартылады.

Осыған байланысты шектеу шаралары, оның ішінде жоғарыда көрсетілген көшеде де автокөлік қозғалысы бойынша қарастырылған.

Азаматтарды өткізілетін терроризмге қарсы оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.