Тараз қаласының тұрғыны есірткі жарнамалайтын граффити-жазбаны салу кезінде ұсталды

0 5

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 21 жастағы Тараз қаласының тұрғынын ұстады. Ол облыс орталығының үйлері мен ғимараттардың қабырғаларына есірткі сататын сайттарды жарнамалайтын граффити-жазбалар жазған.

Тексеру барысында күдіктіден заттай айғақтар – қара түсті маркер мен ұялы телефоны табылды.
Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 299-бабы 1-бөлігі бойынша (есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Аталған қылмысты жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

— Құрметті тұрғындар, егер сіз есірткі сайттарын жарнамалау, есірткі заттарын тарату немесе пайдалану сияқты заңсыз әрекеттерді көрсеңіз, «102»-ге немесе тұрғылықты полиция бөлімінің кезекші бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз, — деп ескертті Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы полиция полковнигі А. Жұмабеков.

Leave A Reply

Your email address will not be published.