Тараз тұрғынының көлігін ұрлап кеткен 26 жастағы жігіт ұсталды

0 17

Тараз полицеиясы көлік ұрлаған адамды дереу ұстады.

Таразда 21 жастағы алаяқ қыз қолға түсті Есірткіге елітіген күйінде көлік ұрлаған күдікті Ақтөбеде ұсталды Арқалық тұрғындары түн ішінде бірден екі көлікті тонаған Тараз қаласының тұрғыны полицияға хабарласып, үйінің ауласында тұрған BMW маркалы автокөлігін ұрлап кеткені жөнінде шағымданған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Тараз қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығы бейнебақылау камераларының көмегімен іздестіріліп жатқан машинаның қозғалыс бағыты мен орналасқан жері анықталды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдікті ретінде Тараз қаласының 26 жастағы тұрғынын ұстады»,-делінген ведомство хабарламасында.

Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 200-бабы 1-бөлігі (автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау/айдап әкету мақсатынсыз заңсыз иелену) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған күдікті кінәсін мойындады, тергеу жүргізіліп жатыр.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.