Таразда №2 мектептің жаңа ғимараты пайдалануға берілді

0 4

Білім күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жаңа оқу ғимаратымен қамтылған Тараз қаласындағы №2 -ші орта мектебіндегі  салтанатты жиынға қатысты.

Жиында сөз сөйлеген өңір басшысы елімізде білім саласына жасалып жатқан қамқорлықтарға кеңінен тоқталып, ұстаздарды терең ізденіске, оқушыларды сапалы білім алуға шақырды.

«Салынғанына 80 жылға жуықтаған бұл мектептің қосымша жаңа ғимаратпен қамтылуы үлкен қуаныш. Жаңа ғимаратта мектептің 50 пайыз оқушыларының білім алуына жағдай бар. Биыл мектеп табалдырығын аттаған оқушылардың  жадында бұл күн сақталып қалуы мүмкін. Бұл күн — ертеңгі тарих. Былтыр қиын жағдай болды. Білім күнін бұлай қарсы ала алмадық. Жаңа ғимаратта мәжіліс залы, спорт залы , басқа да құндылықтар бар. Білімді, мәдениетті ұрпақтарымыз әлемде көшбасшы бола берсін дейміз» деген облыс басшысының сөзінен соң, 1 сынып оқушыларына » Букварь» таратылды.   Мектептің ата — аналар комитетінің төрайымы Мария Владимировна құттықтау сөз сөйлесе, мердігер — » Талас — құрылыс» компаниясының директоры Әсет Ақатаев аталған мектептің  директоры Светлая Гурсаяға мектептің символикалық  кілтін тапсырды. Қазіргі таңда бұл мектепте 85 мұғалім, 1041 оқушы бар.

Мұнан соң облыс әкімі мектептің жаңа ғимаратын аралап көрді. Түлектер бұрышында қазақша көрнекіліктер, Ыбырай Алтынсарин туралы мәліметтер қамтылса, өнер бөлмесінде танымал күйші Дидар Басықараевты күмбірлетіп  күй тартып тұрған суреттері қойылған.  Мәжіліс залы да талапқа сай. Спорт залы душпен және өзге де қажеттілікпен қамтылған. Облыс әкімі бұл мектептің де мәжіліс, спорт залдарын жақсы көрнекілікпен қамтуды жауаптыларға тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.