Таразда аутист балаларға арналған «Асыл мирас» орталығы ашылды

0 27

Жамбыл облысының орталығында аутизм спектрі бұзылған (АСБ) балаларды қолдау мақсатында жаңа «Асыл мирас» аутизм орталығы ашылды. Оған аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев, Болат Өтемұратов қорының директоры Марат Айтмағамбетов қатысты. Тараз — аталған қордың аутизм орталықтар желісі жұмыс істейтін Қазақстандағы оныншы қала болып отыр. Облыс әкімдігімен бірлесе отырып ашылған орталық жылына 300 балаға дейін қабылдай алады. Қазіргі таңда мұнда 18 жасқа дейінгі 52 бала ем алып жатыр. Олардың саны алдағы уақытта арта түспек. «Таразда мұндай арнайы орталықтың ашылуы олардың әлеуметтік интеграциясын жақсартуға ықпал етеді. Біздің мұғалімдерді осындай ерекше балаларды қолдау мен өмір сүру сапасын жақсартатын аутизмді түзетудің озық әдістеріне үйретіп жатқаны үшін Болат Өтемұратов Қорына алғысымды білдіремін», — деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Бағжан Әуесбекова.

Leave A Reply

Your email address will not be published.