Таразда ерекше режимдегі түзеу мекемесіне келген сәлемдемеден 95 дана сим-карта тәркіленді

0 20

Бұл жолы «тосын сый» аяқ киімге арналған «KIVI» маркалы кремінің құтысының ішіне жасырылған. ЖД-158/7 мекемесінің және 5513 әскери бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе жүргізген жұмыстың нәтижесінде жазасын өтеушінің біріне келген сәлем-сауқаттан «Билайн» операторының — 46, «Алтел» операторының — 12, «Теле — 2» операторының — 26 және «Актив» операторына тиесілі 11 сим-карта табылып, тәркіленді.

Қазіргі таңда заңды бұзған 37 жастағы шымкенттік азамат ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 481 бабының 1тармағы бойынша жауапқа тартылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.