Таразда граната жұмысшының қолында жарылып кетті

0 30

Тараз қаласында қалпына келтіру жұмысы барысында жұмысшы граната тауып алып, оны қолына ұстаған кезде жарылып кеткен

2022 жылғы 4-6 қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік барысында Жамбыл облысы полиция 4 ғимараты зақымдалды. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Ғимараттарды қалпына келтіру жұмысы басталмас бұрын мердігерлермен және осы ұйымдардың жұмысшыларымен объектілерде кезекшілік ететін полицейлерге қару, оқ-дәрі немесе арнайы құралдар табылған кезде хабарлау қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілген. «Алайда, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізетін мердігер ұйымның жалдамалы жұмысшысы Тараз қалалық полиция басқармасының ғимаратында жарық-шулы гранатаны тауып алып, ескертулер мен талаптарды орындамай, қауіпсіздік техникасының ережелерін елемей, өз қызығушылығымен қолына ұстаған»,-делінген ведомство хабарламасында. Осылайша, жарық-шулы гранатасы жұмысшының қолында жарылып, бірнеше саусағын жұлып алған. Осыдан кейін ол шұғыл түрде Тараз қалалық ауруханасына жеткізілді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 156-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.