Таразда көпқабатты тұрғын үй өртенді

0 9

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел басқару орталығына Тараз қаласы, Қапал көшесінің 4-ші бұрылысында орналасқан қараусыз әрі бос тұрған ғимараттың өртенгені туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына Тараз қалалық өртке қарсы қызмет гарнизонының күштері мен құралдары жедел жетті.

«Бірінші бөлімше өрт болған алған аймаққа шұғыл жетті. Өрт аумағы 200 шаршы метрді құраған. Өрт сөндірушілер 46 минут ішінде өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі және келтірілген материалдық залалы анықталуда»,-делінген ведомство хабарламасында.

Ал өз кезегінде тұрғындар жақын маңдағы көліктерді дер кезінде оттан алыс аумаққа көшіріп үлгерген көршілері мен өрт сөндіруші-құтқарушылардың кәсіби шеберлігі мен жылдамдығына ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.

Осыған байланысты Жамбыл облысы ТЖД облыс және қала тұрғындарынан балалар мен қарттарды үйде қараусыз қалдырмай, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.