Таразда көше бойынан тағы қару табылды

0 15

Таразда көше бойынан тағы қару табылды

Бүгін кешкі сағат 20:25 шамасында қаладағы Көшек батыр көшесінің соңғы жағынан қару табылды. Атап айтқанда, аталған көше бойындағы ағаштардың бірінің жанындағы шифр астында нөмірі жоқ оқтаулы, «Байкал» маркалы бір ұңғылы 5 мылтық және 9 мм калибрлі 16 дана патрон жасырынғаны анықталды.

Айта кетейік, бұл факт Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/5 мекемесі мен Тараз қалалық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері бірлесе өткізген жедел-іздестіру шаралары кезінде тіркеліп отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.