40 миллион теңгенің сертификаты табыс етілді

0 13

Таразда «Визуалдаудың заманауи құралдарын қолдана отырып, мультидисциплинарлық эндохирургиялық тәсіл» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Қазақстандық эндоскопиялық хирургтар қауымдастығының Президенті, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткер Владимир Котлобовский бастаған Украина, Мәскеу және Қазақстан ғалымдарынан құралған топ 1 апта бойы Тараз қалалық көпбейінді, облыстық көпбейінді балалар ауруханасында шеберлік сыныптарын өткізді. Күрделі отадан кейінгі асқынулардың алдын алу және оларды эндоскопиялық құралдардың көмегімен емдеу жөніндегі тәжірибелермен бөлісті.

Биыл елімізде алғашқы эндобейнехирургиялық операция жасалғанына 30 жыл. Осы уақыт ішінде отандық денсаулық сақтау саласында айтарлықтай өзгерістер болды: кардиология және кардиохирургия, диагностика, емдеудің жоғары технологиялық әдістерін енгізу –  орташа өмір сүру ұзақтығын арттыруға, өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік берді. 2020 жылы пайда болған COVID-19 пандемиясы материалдық-техникалық базаны нығайту, инфрақұрылымды жаңғырту, медицина персоналының кадрлық кәсіптік деңгейін арттыру секілді мәселелердің кезек күттірмейтіндігін көрсетті.

Салыстырмалы түрде аз уақыт ішінде эндохирургия бүкіл әлемді жаулап алды.  Ғалымдардың тәжірибесі мен білімі – Жамбыл облысында эндобейнехирургияның одан әрі дамуына септігін тигізетіні сөзсіз. 

Конференция барысында Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасына лазерлі электрохирургиялық кешен сатып алу үшін 40 миллион теңгенің сертификаты табыс етілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.