Таразда мүгедектігі бар адамдарға арналған «инватакси» көліктерінің саны артты

0 4

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Мамыр бағындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Асар» оңалту орталығында болып, «Шапағат» корпортивті қорына мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тасуға арналған «инватакси» автокөліктерін табыстау рәсіміне қатысты.

Тараз қаласында «Инватакси» қызметі 2016 жылдан бастап қызмет көрсетіп келеді. Бұған дейін мүмкіндігі шектеулі азаматтарды 6 көлік тасымалдаса, енді олардың қатары тағы 2 көлікпен толықты. Инватакси жолаушыларды баратын жеріне дейін тегін тасымалдайтын болады.

Облыс әкімі алдағы уақытта да ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды әлеуметтік қолдау шаралары жалғасатынын айтты.

– Әрбір мемлекеттіңәрбір азаматтың еңнегізгі мақсаттарының бірі – аз қамтылғанкөпбалалымүмкіндігі шектеулі адамдарғакөмектесіполарды қолдауБіздіңмемлекетеміз 30 жылдың ішінде қимылдауқабілеті шектеулі азаматтарға қолдау білдіріпкеледіЕліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев егемендік алған күннен бастап еңбірінші осындай жандарға көмектесіпқолдаукеректігін айтқан болатынБарлығы толығыменорындалды деп айта алмаймыздегенменмәселелер ретімен шешіліп келедіОсындағы иппотерапия орталығын келер жылы бітіріп, ел игілігіне береміз.  Әсіресе балалар мен жастардың аяққа тұрыпқадамдарын нықбасуына себепші болсақ деген мақсатымызҚазір бұл орталыққа 45-ке жуық бала келіп, ем алып жүр екенҒимарат толық ашылған соңбалалар қатары көбейеді.

Жаңа көліктеріңіз құтты болсын! Балалардың дені сау болып, мықты азамат болып өсулеріне тілектеспіз. Алда ТәуелсіздікмерекесіТәуелсіздіктің арқасында осындайигіліктерге қол жеткізудемізБіздің көмегімізгемұқтаж, мүмкіндігі шектеулі жандарға барыншақамқорлық танытуымыз қажет, — деген аймақбасшысы орталыққа мүмкіндігі шектеуліжандарды таситын автокөліктің кілтін тапсырды.

Ерекше қажеттілігі бар жандардытасымалдауға арналған «JAC Sunray» маркалы көлігінің ішінде арбаларға арналған300 келіге дейін салмаққа есептелген арнайыкөтергіш орнатылған. 6 жолаушы орны және екі арбаға арналған орын бар.

Салтанатты шарада «АСАР» заңды тұлғалар бірлестігінің басшысы Руслан Төлегенов сөз алып, алғысын білдірді.

– Әлеуметтік салада мемлекеттік қолдаудың жыл сайын артып келе жатқаны белгілі. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында тағы бір игілікке кеңеліп отырғанымыз соның айғағы.Біздің барлық бастамаларымыз облыс әкімітарапынан қолдау табуда. Бұл үшін ризашылығымызды білдіреміз,-деді Р. Төлегенов.

Сонымен бірге, орталықта қызмет алушылардың ата-аналары да қуаныштарынжасырмады.

– Бұл біз үшін өте қуанышты жағдай. Өзіміз секілді ерекше балалары бар ата-аналарғаүлкен көмек. Осындай мүмкіндік беріп, жағдай жасаған облыс басшылығына ата-аналардың атынан үлкен рахметімді айтамын, -деді Ләйлә Рахманбекқызы. ​​​​

Мұнан соң облыс әкімі оңалту орталығына қарастығимарат пен спорт алаңын, тірек-қимыл аппараты және сал ауруына шалдыққан адамдарды атқа мінгізіп емдеуге арналған нысанның құрылысын аралап, атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.