Таразда қаза болған құтқарушылардың отбасылары 20 млн теңгеден алады

0 5

Тараз қаласындағы жарылыстар кезінде қаза тапқан құтқарушылардың отбасылары жалпы алғанда 20 млн теңге алады. Оған қоса, сақтандыру төлемдері жасалады.

«Ұлттық мүдде» бағдарламасының студиясында жүргізілген эксклюзивті сұхбат кезінде ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин биылғы жылдың тамызында оқ-дәрілер қоймасындағы жарылыстар кезінде қаза болған қаһармандардың отбасыларына көрсетілетін материалдық көмек сомасы неден құралатынын баяндап берді. «Ел үкіметі тарапынан қаза болғандардың әрқайсысының отбасына 10 млн теңге аудару туралы шешім қабылданды. Соның ішінде 5 миллион теңге жергілікті бюджет есебінен аударылады. Біз ниет білдірген қызметкерлердің біркүндік жалақысын жинадық. Төтенше жағдайлар министрлігі қажатаы есебінен 5 млн теңге жиналған. Ем алуға мұқтаж жігіттерге көмек қоры да бар. Мемлекет тарапынан міндетті сақтандыру қорынан қаза болғандардың отбасыларына 60 айлық ақшалай нәпақа төленеді. Мұнда көптеген нюанстар бар, мұрагерлік құқық анықталса, олар бұл көмекті міндетті түрде алады», — деді сұхбат барысында министр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.