Таразда қылмыс деңгейі төмендеп келеді

51

Тараз қаласында қылмыстық ахуал жақсарып келеді. Оны жыл ішіндегі көрсеткіштен анық аңғаруға болады.

Атап айтар болсақ, қаңтар-қазан айларында облыс орталығында барлығы 2 873 қылмыс тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 35,2 пайызға төмендеген. Ал былтыр бір жыл ішінде 4437 қылмыс дерегі тіркелген болатын.

Айта кету керек, биыл тонау, есірткі қылмысы, қарақшылық және ұрлық қылмыстары едәуір төмендеген. Алайда ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстардың тіркелуі 92,8 пайыз, қасақана өлтіру 100 пайызға өсіп отыр. Мұндай қылмыстардың ашылуы былтыр 64,9 пайыз, биыл  81,5 пайызға төмендеген.