Таразда сотталған азаматтың анасы ҚАЖ қызметкерлеріне алғыс айтты

0 20

Өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/5 мекемесінде жазасын өтеуші А.П. есімді азаматшаның анасы ҚАЖ қызметкерлеріне алғыс айтты. Светлана Юрьевна өз хатында түзеу мекемесінде дүниеге келген немересімен оның анасына көрсетілген қамқорлық үшін департамент бастығы әділет полковнигі Нияз Рыспаевқа сондай-ақ ЖД-158/5 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі Бақытжан Шарипбековке ризашылығын жеткізген.

«Түзеу мекемесінде өмірге келген немереммен қызыма қолайлы жағдай жасап, қамқорлық танытқандарыңыз үшін алғысым шексіз. Сонымен қатар, анамның қайтыс болуына байланысты сот үкімімен жазалы деп танылған қызымды қысқа мерзімді демалысқа жібергендеріңізге ризашылығымды білдіремін. Сіздерге және жанұяларыңызға бар жақсылықты тілеймін. Үнемі адами қалыпта қалатындарыңызға сенімім мол!», – делінген хатта

Leave A Reply

Your email address will not be published.