Таразда сотталғандар отбасымен бейнебайланыс арқылы сөйлесті

0 21

Таразда сотталғандар отбасымен бейнебайланыс арқылы сөйлесті. Өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілер туған-туыстарымен бейнебайланыс арқылы тілдесіп, амандығын білді. Осылайша, олар жақындарының жағдайын білуге мүмкіндік алды.

Бұл жолы онлайн байланысқа шыққан қос әйел ҚР ҚК-нің 216 және 188 баптарына сәйкес кінәлі деп танылған. Алғашқысы 2 жылға бас бостандығынан айырылса, кейінгісі 3 жыл мерзімге түзеу мекемесіне тоғытылған.

Айта кетейік, жалпы жабық мекемелерде азаматтардың қоғаммен байланысының үзілмеуіне әрі олардың жанұясымен қарым-қатынасының берік болуына ерекше көңіл бөлінеді. Себебі, түзелу жолына түсудің бірден-бір жолы осы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.