Таразда тұрғын үй мен екі көлік жанып кетті

0 8

Таразда Қапал көшесінде тұрғын үй және екі автокөлік өртенді.

12 қыркүйекте 17:03-те минутта орын алған өрттің жалпы ауданы 150 шаршы метрді құрады.

Өртті Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 15 қызметкері мен 4 техникасы сөндірді.

Өрт сағат 17:30-да ауыздықталды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.