Таразда ұзындығы 850 метрлік «Үшбұлақ» жағалауы пайдалануға берілді

0 6

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Тараз қаласында таңғажайып демалыс орны – «Үшбұлақ» жағалауы пайдалануға берілді. Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған «Таразға тарту» жобасы аясында салынған нысан құрылысы «Қазфосфат» ЖШС-інің демеушілігімен жүзеге асқан. Ол үшін серіктестік 300 млн. теңге қаржы жұмсаған. Қайта жаңғыртудан соң тамаша кейіпке енген жағалаудың ашылуына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, тұрғындарды қуанышымен құттықтады. — Облыс орталығы саналатын Тараз қаласы көптеген қонақтар мен туристердің тұрақтайтын орны. Сондықтан шаһардың шырайын арттыру, жайлы орта қалыптастыру – біздің мерейлі міндетіміз. «Таразға тарту» жобасы аясында жыл басынан бері қаншама аллеялар, саябақтар жөнделіп, салынып, пайдалануға берілді. Көпқабатты үйлердің қасбеттері сырланды. Көркем гимнастика және үстел теннисі спорт кешені, Анаға тағзым орталығы, Ана мен бала сквері және тағы да басқа нысандар бой көтерді. Бұлардың барлығы демеушілердің қолдауымен іске асты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.