Таразда «жасотандықтардың» автошеруі өтті

23

«Nur Otan» партиясының жанынан құрылған «Jas Otan» Жастар қанатының 20 жылдығына орай Тараз қаласында автошеру ұйымдастырылды. Шараға 50 автокөлік қатысып, барлығы мемлекеттік Тумен безендірілді.

Автокеруен  Назарбаев орталық алаңынан шығып, Төле би мен Тәуке хан даңғылынан өтіп, Керей мен Жәнібек хан монументінің жанына аялдады. Одан кейін дәл осы бағыт бойынша Назарбаев алаңына дейін қайта жүріп өтті.

Шараның негізгі мақсаты – бұқара мен жастардың мемлекеттік Туға деген сүйіспеншілігі мен құрметін арттыру болғандықтан шеруге қатысушылардың қарасы қалың болды.

Осылайша жастар «Jas Otan» Жастар қанатының 20 жылдығына орай патриоттық шара ұйымдастырып, көпшіліктің санасына рухани  сәуле септі.

 

Саян ТІЛЕУЖАН