Таразда жеңіл көлік жүргізуші төрт адамды қағып кетті, екеуі көз жұмды

0 2

Тараз қаласында автокөлік жүргізушісі аялдама маңында тұрған төрт адамды қағып кетті.

Бүгін Тараз қаласында С. Сейфуллин көшесінен Б. Момышұлы көшесіне бара жатқан Hyundai маркалы автокөлік жүргізушісі төрт жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқиға орнында екі адам қаза тауып, екі адам Тараз қаласының №1 ауруханасына жеткізілді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция қызметкерлері жоғарыда аталған көлік жүргізушісі 23 жастағы Тараз қаласының тұрғынын анықтап, ұстады», — делінген ведомство хабарламасында. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бірқатар тиісті сараптама тағайындалған.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.