Тараздық бойжеткеннен синтетикалық есірткі табылды

0 4

Синтетикалық есірткі сақтағаны үшін 26 жастағы тараздық азаматша ұсталды

Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 26 жастағы азаматшаны ұстады. Полицейлер оның сөмкесінен ерекше иісі бар жасыл түсті ұнтақ зат салынған түйіншек тауып, тәркіледі. Бұл туралы Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі xабарлады. «Сараптама қорытындысына сәйкес, анықталған зат – жалпы салмағы 4 грамм «Alfa-PVP» синтетикалық есірткісі болып шықты. «Alfa-PVP» синтетикалық есірткі заты жүйке жүйесіне өте қауіпті психобелсенді әсерін тигізеді, ағзаны бүлдіріп, тез тәуелділікке алып келеді»,-делінген ведомство хабарламасында. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл бапқа сәйкес үш жылдан жеті жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.