Тараздық полицейлер смартфон ұрлығының ізін суытпай ашты.

0 18

Өткен  тәулікте полицияға 34 жастағы әйел белгісіз адам маршруттық автобустардың бірінде оның «Sumsung s 10+»маркалы ұялы телефонын күртешенің қалтасынан жасырын ұрлап кеткені туралы арызданған.

Тараз қаласының Полиция басқармасы 1-полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлерімен қоғамдық көлікте қалта ұрлығын жасаған күдіктіні » ізін суытпай » ұсталды.

Ол осыған ұқсас қылмысы үшін бұрын сотталған 20 жастағы Тараз қаласының тұрғыны болып шықты.

Қалта ұрысы өз құрбандарын адамдары көп автобустардан немесе өз көліктерін күтіп тұрған аялдамалардағы адамдардан іздеген.

Қаскүнем автобустағы қалың сығылысып тұрған адамдардың арасына кіреді және сол кезде қала тұрғындарының әмияндары мен ұялы телефондарын ұрлаған. Ұсталған азамат қалта ұрлығын жасағанын толық мойындады. Заттай дәлел (ұялы телефон) тәркіленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.