«Теріс-Ащыбұлақ» су айдынына 10 мың дана шабақ жіберілді

41
Жамбыл облысы аумағындағы балық шаруашылығы су айдындарын пайдаланушы табиғат пайдаланушылар балықтандыру жұмыстарын мықтап қолға алғанын бұған дейінде айтқан болатынбыз. Соның бірі «Боранды» шаруа қожалығы осы істің ізін жалғады. Балық жіберу барысына басқарма басшысы Аслан Оразбеков арнайы барып қатысты.
«Теріс-Ащыбұлақ» балық шаруашылығы су айдыны 2016 жылы 5 сәуірде Жамбыл облысы әкімінің қаулысымен «Боранды» шаруа қожалығына бекітіліп берілген болатын. Жуалы ауданы аумағында орналасқан аумағы жағынан үлкен су айдынға бүгін 10 мың дана тұқы тұқымдас шабақтар жіберілді.
Шабақтар облыс аумағындағы «Сандель» шаруа қожалығының балық өсіру тәлім бағынан алынды.