Төтенше жағдай ұтқырлықты талап етеді

0 34

Қандай да бір табиғи, не болмаса техногондік апатқа тап бола қалсақ әлдекімнен әлдеқандай көмек күтеміз. Мұндайда өзіміз секілді ет пен сүйектен жаратылған нағыз батырлар қол ұшын созар еді. Олар – азаматтық қорғаныстың алдыңғы шебінде жүрген төтенше жағдайлар қызметінің мамандары, бейбіт күннің батырлары. Бұл күштік құрылымның іргесі қалағанына да ширек ғасырдан асты.

Жуырда өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/5 мекемесіне облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 10-нан аса қызметкері арнайы келіп, мекеме аумағына шолу жүргізді. Мамандар қатердің қай күні, қай тұстан келетінін барлығына беймәлім екенін тілге тиек етіп, оқыс оқиғалардың алдын алу шараларының маңызы зор екеніне тоқталды.

Бұл күні талайларды тәжірибесімен тәнті еткен төтеншеліктер ҚАЖ қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі қағидалары жазылған парақшалар, жадынамалар, буклеттер және басқа үгіттеу, ескерту материалдарын таратты. Бұдан бөлек, нұсқаулықтар мен түсіндіру жұмыстары (әңгімелесулер, интерактивтік сабақтар) назарға алынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.