Төтенше жағдайлардағы білім мен әрекет насихатталды

0 16

Төтенше жағдайлардағы білім мен әрекет насихатталды

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінде облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері аға лейтенант Аббас Сулиевтің қатысуымен сала қызметкерлеріне арнап танымдық іс-шара өтті.

Шара барысында Аббас Рамизович өз білгенімен бөлісіп, төтенше жағдай туындаған кезде не істеу керектігін айтып, азаматтық қорғаныс күштерінің құрылу тарихы, тыныс алу органдарын қорғау құралдары және газтұтқыш құрылғысы туралы кеңінен мағлұмат берілді. Маманның айтуынша, нормативке сәйкес газтұтқыш құрылғысын 7 секунд ішінде киіп үлгеру шеберлікті көрсетеді. Ал 8 секундта «жақсы», 9 секундта үлгергендерге «қанағаттанарлық» деген баға қойылады.

Қорыта айтқанда, бұл іс-шараның мақсаты – төтенше жағдайлардағы білім мен әрекетті насихаттау.

Leave A Reply

Your email address will not be published.