Түзеу мекемесіне телефон кіргізбек болған азамат ұсталды

0 95


ҚАЖ қызметкерлері тарапынан жабық мекемелерде жазасын өтеуші азаматтардың туған-туыстары мен жора-жолдастарына жүйелі түсіндірме жұмыстары жүргізілсе де, заңға қайшы келетін іс-әрекеттерге баратындардың саны азаймай тұр. Сот үкімімен кінәлі деп танылған жақынына «жәрдем» жасауды ойлағандар түрлі айла-тәсілді қолданып, темір тордың арғы жағына тыйым салынған заттарды өткізуге талпынуда.

Мәселен, шаһардағы қатаң режимдегі ЖД-158/4 мекемесінде дәл осындай тағы бір оқиға орын алды. Кеше түнгі сағат 03:30 шамасында бүркемелеу қоршауының сыртқы жағынан №3 аумағында (5,6 бекеттер арасында) «Төрткөл» массиві жағынан түйіршіктелген 4 орам белгісіз затты лақтырмақшы болған А есімді азамат ұсталды. Түйіншектерді ашу кезінде ішінен ерекше иісі бар қара-жасыл түсті зат және «INOI» маркалы ұялы байланыс құралы бар екендігі анықталды.

Бүгінгі таңда сот-медициналық сараптама тағайындалып, заңды бұзған азаматқа қатысты ҚР ҚК-не сәйкес қылмыстық іс қозғалуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.