Вакцинацияны мақұлдаймыз!

0 6

Жүргізілген эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралардың, сондай-ақ облыс тұрғындары арасында вакцинациялаудың арқасында COVID-19 ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы байқалады. Сырқаттанушылық көрсеткіштерінің төмендеуі ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап байқалады, егер тамызда 5289 жағдай тіркелсе, қазанда КВИ — дің 914 жағдайы тіркелді, ал қараша аййынша 354 жағдай тіркеліп отыр. Яғни, аурушаңдық көрсеткіші 14 есеге төмендегені байқалады.

Қазіргі уақытта тәулік сайын орта есеппен КВИ-дің 6-9 жағдайы тіркеледі.

Эпидемиологиялық жағдайдың матрицасын бағалау бойынша Жамбыл облысының аумағы 2021 жылдың қыркүйек айынан бастап жасыл аймақта.

Жұқпалы аурулармен, оның ішінде коронавирустық инфекциямен күресудің тиімді әдістерінің бірі вакцинация болып қала беретінін атап өткім келеді.

Мәселен, соңғы 30 жылда, 1991 жылдан 2021 жылға дейін вакцинамен басқарылатын көкжөтел, дифтерия, қызылша, қызамық, паротит, сіреспе, полиомиелит сияқты инфекциялармен сырқаттанушылық деңгейінің тұрақты төмендегенін көрсетті. Вакцинацияның арқасында облыста дифтерияның соңғы жағдайы 2003 жылы, сіреспенің соңғы жағдайы 2013 жылы тіркелді, «А» гепатитімен сырқаттанушылықтың 500 есеге төмендегені байқалады!, 1991 жылғы 4184 жағдайдан 2020 жылы 8 жағдайға дейін.

Пандемияға байланысты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация өзекті мәселе болып қала береді!

Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап облыста вакцинацияның бірінші компонентімен 18 жастан асқан 617 547 адам (97 %), екінші компонентімен 518 963 адам (82%) қамтылды. Бүгінгі таңда 5517 адам Комирнати вакцинасын алды, оның ішінде 4545 жасөспірімдер, 430 жүкті және 542 бала емізетін әйелдер. Халықты қайта вакцинациялау жалғасуда. Бүгінгі таңда вакцинаның үшінші дозасын 1236 медицина қызметкері, педагогтар, күш құрылымдарының қызметкерлері және т. б. алды.

Қазіргі уақытта облыс азаматтары екпені медициналық ұйымдардың 118 кабинетінен ала алады.

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 77-бабына сәйкес кез келген медициналық рәсім, оның ішінде вакцинация егілушінің келісімімен ғана жүргізілетіндігі туралы тағы айтып өткім келеді. 12 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдерді вакцинациялауға ата-аналарының немесе олардың заңды өкілдерінің хабардар етілген жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.

Вакцина өзінің тиімділігін дәлелдеді. Біріншіден, ол инфекцияның ауыр ағымы мен асқынуының алдын алады, екіншіден, вакцинацияланғандарды ғана емес, басқаларды да қорғайды, «ұжымдық иммунитетті» қалыптастырады, үшіншіден, иммундаудан кейін алынған «вакцинация паспорты» саяхатты, ел ішінде де, одан тыс жерлерде де жеңілдетеді. Науқастардың 99,5% вакцинацияланбаған адамдар екенін атап өткім келеді.

Сонымен қатар, коронавирустың жаңа омикрон-штаммы бірқатар елдерде тіркелді. КВИ-дің бұл нұсқасы 30-дан астам мутацияға ие және «дельтаға» қарағанда жұқпалы. Оның республика аумағына, оның ішінде біздің облысымызға әкелінуіне жол бермеу мақсатында мынадай шаралар қабылданды:

— Қазақстанға 11 елден (Ботсвана, ОАР, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар, Эсватини, Танзания, Малави және Гонконг) азаматтардың кіруіне шектеу қойылған.

— коронавирустың «омикрон» штаммы нұсқасынан туындаған КВИ жағдайлары анықталған елдерден, яғни Израиль, Чехия, Нидерланды, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Германия, Австралия, Канада және Египеттен келген адамдар міндетті түрде вакцинацияға қарамастан және үлгілерді іріктеу уақытынан бастап 72 сағаттан кешіктірмей ПТР-тестілеуден өтеді.

— бұдан басқа, «омикрон» тудырған КВИ жағдайлары анықталған елдерден келген адамдар ПТР-тестінің нәтижесіне қарамастан 7 күн мерзімге өзін-өзі оқшаулауға (үй карантині) жатады.

Осыған байланысты мемлекеттік шекара арқылы 6 өткізу пунктінде санитариялық-карантиндік бекеттердің жұмысы күшейтілді. Тәулік сайын шамамен 2000 адам шекарадан өтеді. Бүгінгі күні КВИ (Египет, Германия, Чехия) жағдайлары анықталған елдерден келген 21 азамат анықталды.

«Омикрон» жаңа штаммының пайда болуын ескере отырып, тұрғындарды шетелге барудан бас тартуға, вакцинациялауға және қарапайым ережелерді сақтауға шақырамыз: бетперде кию, әлеуметтік қашықтық, қол гигенасы.

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.