Заңсыз ойынхана ашқан тараздық жазаға тартылды

76

Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Тараз қаласының аумағында лицензиясыз және ҚР заңнамасының талаптарын бұзып жұмыс істеп келген жасырын ойын мекемесін анықтады.
Қылмыстық іс-әрекеттің жолын кесу мақсатында экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жасырын бақылау арқылы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып келген М. Скорик  есімді азаматты қолға түсірді.
Жасырын ойын мекемесін тексеру барысында 31 компьютер, 4 ойын автоматы және ақша тәркіленіп алынды.
Тараз қаласы сотының үкімімен М. Скорик ҚР ҚК-нің 307-бабы 1-бөлігі бойынша қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.