Жамбыл ауданында құс етін өндіру фабрикасы аяқталуға жақын

0 6

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың Жамбыл ауданындағы жұмыс сапары инвестициялық жоба аясында салынып жатқан құс етін сою алаңында жалғасын тапты.

Аудан әкімі Сәкен Арубаевтың айтынша Аса ауылдық округі аумағынан «Алель Агро» ЖШС жылына 2,5 мың тонна сапалы құс етін өндіретін фабриканың құрылысына 2,5 млрд теңге инвестиция салып отыр. Алдағы уақытта фабрика көлемі ұлғайып, жұмыспен қамтылу көрсеткіші жоғарыламақ. Бүгінде қажетті құрал-жабдықтар мен құрылғылары орнатылған фабриканың құрылысы келер жылы іске қосылады деп күтілуде.

Облыс басшысы Бердібек Машбекұлының тұрақты жұмысқа жергілікті тұрғындарды тарту керектігін алға тартты

Leave A Reply

Your email address will not be published.