Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасына жаңа басшы таныстырылды

0 8

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен, Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің келісіммен Жамбыл облысы әкімдігі білім басқарма басшысы болып Жамангозов Бейқұт Тлебалдыұлы тағайындалды.

Бейқұт Жамангозов 1969 жылы 6 наурыз күні Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Шарбақты ауылында дүниеге келген. 1988 жылы  Шымкент автомеханикалық техникумын  «Техникалық қызмет көрсету және автомобильдерді жөндеу ісі» мамандығы,  1998 жылы  М.Әуезов атындағы  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Денешынықтыру мәдениеті және еңбек пәнінің мұғалімі» мамандығы,  2003  жылы Қырғыз-Ресей білім беру академиясын «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

30.08.1990 — 29.08.1995 ж.ж — мұғалім, Қордай ауданы Шарбақты ауылы №36 Сауранбаев орталау мектебі, Қордай ауданы Шарбақты ауылы;

29.08.1995 — 17.02.2003 ж.ж —  директор, Қордай ауданы Шарбақты ауылы №36 Сауранбаев орталау мектебі, Қордай ауданы Шарбақты ауылы;

17.02.2003 — 29.08.2008 ж.ж — басшының орынбасары, Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімі, Қордай ауданы Қордай ауылы;

29.08.2008 — 16.08.2010 ж.ж — Қордай ауданы әкімінің орынбасары, Қордай ауданы Қордай ауылы;

16.09.2010 — 29.08.2012 ж.ж — Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары, Тараз қаласы;

29.08.2012 — 20.09.2012 ж.ж — Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының бас маманы, Тараз қаласы;

20.09.2012 жылдан 02.03.2021 — Қордай ауданы әкімінің орынбасары, Қордай ауданы Қордай ауылы;

02.03.2021 жылдан 06.10.2021 —  Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқарма басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.