Жамбыл облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

0 6

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Үйсімбаев Еркін Құлымбайұлы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

📍Аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов жаңа орынбасарын облыс активіне таныстырып, облысты дамыту жолында бірқатар маңызды міндеттер жүктеді.

🔹 Еркін Құлымбайұлы 1977 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданында туған.

🔹М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «инженер-механик», Ж.Баласагын атындағы Қырғыз ұлттық университетін «құқықтану», Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша тәмамдаған. ​

🔹 Еңбек жолын 1999 жылы «Сұлтан тегі импекс» ЖШС-нде механизатор болып бастаған.

🔹Әр жылдары Қордай ауданы әкімі аппаратының бас маманы, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-саяси бөлімінің меңгерушісі, Қордай ауданы әкімінің орынбасары болып еңбек еткен.

🔹 2020 жылғы мамырдан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары лауазымында еңбек етіп келді.

✅Жаңа орынбасар облыстың мәдениет, тілдерді дамыту, ішкі саясат, білім, спорт, жастар, дін салалары бойынша жетекшілік ететін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.