Жамбыл облысы денсаулық сақтау саласындағы кадр мәселесін шешу жолдары

0 22

Жамбыл облысының денсаулық сақтау саласының кезек күттірмейтін міндеті – медициналық кадрлардың, яғни алғашқы медициналық көмек көрсететін дәрігерлердің және мамандандырылған мамандардың  тапшылығы мәселесін шешу.

   Облыстың мемлекеттік ұйымдарында бүгінде 13 039 медицина қызметкері жұмыс істейді, оның ішінде дәрігерлер – 2 577, орта медицина қызметкерлері – 10 462. Жыл басындағы дәрігерлер тапшылығы 2021 жылмен салыстырғанда 1,9 есеге толықтырылған.

   Жергілікті атқарушы органдар тарапынан қабылданып жатқан шараларға қарамастан, ағымдағы кезеңде кадрлық қажеттілік 125 бірлікті құрайды, оның 64-і қалада, 61-і ауылдық жерде. Қызметкерлердің мемлекеттік ұйымдардан жеке құрылымдарға кетуі жалғасуда. Бұл- жекеменшік ұйымдардағы жалақының жоғарылауына, жүктеменің азаюына және жауапкершіліктің төмендеуіне байланысты. Тағы, бір себеп – 2022 жылдан бастап медицина қызметкерлерінің кезекті  демалысқа шығуына да байланысты, 2025 жылға қарай олардың саны 172 адамды құрады.

   Жалпы тәжірибелік дәрігерлерге, мамандандырылған мамандарға (анестезиолог-реаниматолог, травматолог, терапевт, инфекционист және т.б.) ең үлкен қажеттілік туындап отыр. Ағымдағы кезеңде облысқа 41 жас маман келсе, оның 11-і Тараз қаласына, 30-ы облыс өңірлеріне келген.

    Кадр тапшылығын азайту мақсатында медициналық жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында 3 жылдық оқу курсы енгізіліп, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жергілікті бюджеттен гранттар бөлінді. Мәселен, жоғары білімді кадрларды даярлауға арналған жергілікті грантқа сәйкес С.Д.Асфендияров атындағы ҚҰМУ-да жалпы медицина мамандығы бойынша 32 адам білім алуда (2019 ж. – 12, 2020 ж. – 10, 2021 ж. – 10).

Сондай-ақ, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар 50 адамға арналған резидентурада оқуды аяқтаған соң, Жамбыл облысының мемлекеттік медициналық ұйымдарында бес жыл жұмыс істеу міндетті болып табылады.

Биылғы жылы резидентураны аяқтағаннан кейін, 16 маман жұмысқа кіріседі (жергілікті атқарушы органның гранты). Сонымен қатар, түлектерді бөлу жөніндегі республикалық комиссияның қорытындысына сәйкес, 1 қыркүйектен бастап алдын ала 80 маман жұмысқа кірісуі тиіс.

   Денсаулық сақтау министрлігіне мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен 70 резидентті сұранысқа ие мамандандырылған мамандықтар бойынша оқытуға өтінім жіберілді.

   2022 жылы жергілікті атқарушы органның гранты бойынша мамандандырылған мамандықтар бойынша 30 дәрігерді резидентурада оқыту жоспарлануда.

   Кадр тапшылығын азайту үшін жас мамандарды әлеуметтік қолдау барлық деңгейде өте маңызды: тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік пакет, барлығына біржолғы жәрдемақы, Тараз қаласында көпқабатты тұрғын үй салу, өтемақылық оқыту және жергілікті бюджет есебінен резиденттер, магистранттар.

   Осылайша, мотивациялық ынталандыруды және жеткілікті әлеуметтік қамтамасыз етуді арттыру — жас мамандар мен кадр тапшылығын шешуде үлкен мүмкіндік болары сөзсіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.