Жамбыл облысы экономикалық өсім бойынша алдыңғы қатарда

0 11

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кезекті аппарат кеңесінде ағымдағы жылдың 11 айындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен  жылдың болжамды қорытынды көрсеткіштері талқыланды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жзасаған экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова осы жылдың қаңтар-қараша айларында облыстың экономикалық өсімі 105,6 пайызды құрағанын айтты.

Мәселен, өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 4,5 пайызға өсті. Ауыл шаруашылығы саласында — екі пайызға, құрылыста — 10,2 пайызға, тұрғын үймен қамтамасыз етуде — 18,5 пайызға, жеке инвестицияларда — 7,7 пайызға, саудада — 6,6 пайызға өсу қамтамасыз етілді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көлік саласындағы көрсеткіштер 7,7 пайызға өсті. Бюджет 98,9 пайызға игерілді.

Жамбыл облысы экономикалық өсім бойынша республикада үшінші орында тұр.

Жыл қорытындысымен экономикалық өсімнің жоғары қарқыны сақталады деп күтілуде. Дегенмен, аталған басқарма басшысы кейбір аудандар қойылған міндеттерді орындай алмауы мүмкін екенін атап өтті.

Аудан әкімдері мен басқарма басшылары жыл қорытындысы бойынша барлық нысаналы индикаторлар орындалатынына сендірді.

Аймақ басшысы жалпы көрсеткіштерді жақсы бағалағаныменжұмысы сылбыр аудандар мен басқармаларды сынға алды. Облыс әкімі белгіленген әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізуді тапсырды.

Қаржы басқармасының басшысы Жақсылық Сапаралиев бюджет қаражатының игерілуі бойынша көрсеткіштерге тоқталды.

— Аудандарға жұмыс сапарымныңбарысында тұрғындармен кездесіп, жыл ішінде атқарылған жұмыстардың нәтижелерін талқылап жатырмыз. Аудан әкімдері өздеріне алған міндеттемелерін орындауы тиіс. Бұл бюджетті игеруге де қатысты. Бөлінген қаржыны тиімді пайдаланып, ұтымды ұқсату керек, — деп атап өтті облыс әкімі.

Жиында санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты жағдай да қаралды.

Аймақ басшысы денсаулық сақтау басқармасына, аудан әкімдіктеріне тұрғындарды вакцинациялау және ревакцинациямен қамтуды арттырухалық арасында Pfizer препаратымен вакцинациялау, ревакцинациялау қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын жеткізді.

Бердібек Сапарбаев шетелде вирустың жаңа штаммының таралуын ескере отырып, шекаралық бақылауды күшейтуді тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.