Жамбыл облысы мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

0 17

Жаңа қаулыда санитариялық-эпидемиологиялық жұмыс режиміне күнделікті мониторинг жүргізу және карантин талаптарының сақталу қажеттігі айтылған. «Мектепке дейінгі ұйымдарда («қызыл», «сары», «жасыл» аймақтарда) ата-аналардың өтініші бойынша жұмыс штаттық форматта ұйымдастырылсын. Мектептер бойынша оқушы саны 600—ден аз («қызыл» аймақ) 1-4 бастауыш сыныптар (халықаралық мектептерде 1-6-сыныптар) дәстүрлі форматта оқуына рұқсат. 600 оқушыдан жоғары мектептер 50%-нан аспайтын жүктемемен дәстүрлі түрде оқытуға болады», — делінген қаулыда. Сондай-ақ, мектептен тыс білім беру мекелері де жұмысын дәстүрлі форматта ұйымдастыра алады және вакцинацияның толық курсын алған мектеп оқушыларын штаттық форматта оқытуға рұқсат беріліп отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.