Облыста спорт және туризм саласы қарыштап дамып келеді

12

Тоқсаныншы жылдардың басындағы еліміздегі экономикалық дағдарысқа қарамастан, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ спорт саласының дамуына қолайлы жағдай жасады. Соның нәтижесінде халықаралық ареналарда толағай табыстарға қол жеткізген жерлестеріміз әлемдік қауымдастық алдында абыройымыз бен мәртебемізді арттырды.
Отандастарымыз Олимпия ойындары, әлем және құрлық чемпионаттары, әлем кубогы, Азия ойындары секілді аса ірі жарыстарда атой салды. Сонымен қатар бұқаралық спорттың қарыштап дамуына айрықша көңіл бөлінді. Ал ең бастысы, республика аумағында көптеген спорттық нысандар бой көтеріп, соның барлығы да бұл күндері ел игілігі үшін қызмет етіп келеді.
Отандық спортты дамытудың және оның бұқаралық сипат алуының бірден-бір оңтайлы жолы – республика аумағында күллі әлем жұртшылығы назар аударатындай аса ірі кешенді жарыстар ұйымдастыру екенін Мемлекет басшысы сол кездің өзінде-ақ жақсы түсінді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында «Жоғары деңгейлі спорт жарыстары – саламатты өмір салтын, дене шынықтыру мен спортты насихаттайтын ең озық тәжірибенің бірі. Қазақстан тәуелсіздік жылдарында жалпыұлттық игілікке айналып үлгерген үздік спорттық жетістіктерге қол жеткізді. Спорт саласында табыстарға жетіп қана қоймай, спорт инфрақұрылымдарын дамытуда да алға қадам жасадық. ХХІ ғасырдың бірінші онжылдығында Қазақстан спорты өрлеу кезеңін басынан кешірді. Мемлекеттің ұдайы қолдауы мен спортшылардың ынта-жігері жоғары нәтижелердің кепілі болды» деп айтқан еді. Шынында да, Елбасы айтқандай, Қазақстан «спорт саласында табыстарға жетіп қана қоймай, спорт инфрақұрылымдарын дамытуда да алға қадам жасады». Соның нәтижесінде жеңісті де жемісті күндеріміз көп болды. Қазір де өңірімізде спортпен жүйелі түрде айналысатын азаматтардың үлесі 32,2 пайызға жетті. Биыл тағы 8 дене шынықтыру-сауықтыру кешені бой көтермек. Ең бастысы спорт кешендерінің саны емес, оларды тиімді пайдалану. Біз спорттық нысандардың жүктелуі мен жұмыс режимін қадағалаймыз. Салауатты өмір салтын ұстанатындардың барлығы үшін спорт кешендерінің есігі әрдайым ашық болуы тиіс, — деп атап өтті аймақ басшысы.
Өткен жылы мәдениет саласы да назардан тыс қалған жоқ. Байзақ және Жамбыл аудандарында бес жаңа мәдениет үйі мен ауылдық клубтар салынды. Онлайн форматта 12 мыңнан астам мәдени-бұқаралық іс-шара өтті.
Мәдениет саласындағы 1,8 мың қызметкердің жалақысы 35 пайызға, спорт саласының 1 мыңнан астам қызметкерінің жалақысы 25 пайызға артты.
Ал, туристік нысандар саны 37-ден 65-ке дейін, туристік маршруттар саны 22-ден 45-ке өскен. «Тектұрмас» этно-тарихи кешені қала қонақтары мен тұрғындарын қызықтыратын орынға айнала білді. Бүгінде жаңғыртудың екінші кезеңі бойынша жұмыстар жүргізілуде, ол ағымдағы жылы аяқталмақ.
— Туризм саласын дамытуға бағытталған 10,7 миллиард теңге көлемінде 8 инвестициялық жоба іске асырылуда. 450 жаңа жұмыс орны ашылады, — деді Бердібек Сапарбаев.
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында жол бойы сервисінің 63 нысаны салынған десек, оның 35-і ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келеді.

Нұрдулет АСАН