ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 2022 ЖЫЛЫ 180 БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУДАН ӨТЕТІН БОЛАДЫ

0 9
Жамбыл облысында келер жылы мемлекеттік аттестаттаудан 180 білім беру ұйымдары, оның ішінде 51 мемлекеттік, 44 жекеменшік балабақша, 77 мектеп пен 8 колледж өтетін болады.
✅Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде департамент басшысы Дәмеш Ускумбаева айтып берді.
🔻Спикердің мәліметінше, Жамбыл, Т.Рысқұлов, Шу аудандарында 1 мектепте, Қордай ауданында 5 мектепте, Жуалы, Мойынқұм, Сарысу, Талас аудандарында 2 мектепте және облыстық білім басқармасына қарасты 1 мектеп-интернатта материалдық-техникалық базасы төмен жағдайда. Нақтылай айтқанда, пән кабинеттерінде қажетті зертханалық құрал-жабдықтар қарастырылмаған. Бұлардың басым бөлігі ауылдық мектептерде орын алуда.
©©©
«Осыған байланысты облыстық білім басқармасы мен аудандық білім бөлімдерімен мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында бірлескен жұмыстар атқарылуда», — деді спикер.
📍Айта кетейік, жалпы Жамбыл облысының сапаны қамтамасыз ету департаменті биыл білім беру мекемелерінде 82 бақылау шараларын өткізген. Оның 25-і профилактикалық бақылау болса, 57-сі нұсқаманың орындалуы бойынша жоспардан тыс тексеру. Бақылау шараларымен қалалық 7 мектеп, аудандық және ауылдық деңгейдегі 18 мектеп қамтылып, бірқатар кемшіліктер анықталған.
Leave A Reply

Your email address will not be published.