Жамбыл облысында 33 әлеуметтік дүкен жұмыс істеп тұр

0 18

Жамбыл облысында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін бірқатар кешенді шара қабылданған

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз брифингінде «Тараз» ӘКК» АҚ өңірлік тұрақтандыру қоры басқару департаментінің директоры Арман Түймебаевтің айтуынша, өңірдегі сауда нүктелерінде баға тұрақтылығы басты назарға алынған. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын реттеуге септігін тигізіп отырған корпорацияның аталған қоры арқылы облыс тұрғындары арзан өніммен қамтамасыз етіліп отыр. «Бүгінгі күні аймақта барлығы 33 әлеуметтік дүкен мен павильондар жұмыс істеуде. Оның 22-сі Тараз қаласында орын тепкен, қалған 11 дүкен аудан орталықтарында орналасқан», — деп түсіндірді Арман Түймебаев.

Анара Матчанова.

Leave A Reply

Your email address will not be published.