Жамбыл облысында 5 денсаулық сақтау ұйымы жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсетеді

0 5
Жалпы, халық тұрмысының, денсаулығының түзелуі, санының өсуі нәтижесінде қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 73,2 жасқа жуықтады. Тәуелсіздік жылдарында Жамбыл облысының медицинасы да көптеген қиындықтардан өтті, біршама белестерді бағындырды. Атап айтар болсақ, өңірдің денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру көлемі 1991 жылы 500 млн теңге болса, биылға бөлінген қаражат 85,3 млрд. теңгені құраған.
Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев айтты. Оның мәліметінше, соңғы отыз жылда өлім-жітім көрсеткіші 15,1 пайызға төмендесе, нәрестелердің шетінеу 4,5 есеге кеміген.
©©©
«Өткен жылдар ішінде педиатрия қызметінде «Жол картасының» іс-шаралары жүзеге асты. Нәтижесінде, облыстың демографиялық жағдайы жақсарды. Егер 1991 жылы 1000 тұрғынға шаққандағы туу коэффициенті 23,7 пайыз болса, былтыр 25,2 пайыз туу коэффициентімен 27 мыңнан астам нәресте өмірге келді. Соңғы жылдары Жамбыл облысында бірнеше балалар денсаулық сақтау нысандары ашылды. Аймақта 5 медициналық ұйым кардиохирургия, травматология, акушерлік-гинекологиялық бейін бойынша жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсетеді. Өткен жылы өңірде 506 жалпы практика дәрігері ересектер мен балаларға бастапқы медициналық санитариялық көмек көрсетті», — деді Әсет Әскерұлы.
Спикер облыстың денсаулық сақтау ұйымдарының жабдықталуы артқанын да әңгімеледі. 2009 жылы бұл 35,7 пайызды құраса, 2020 жылы 85,9 пайызға жеткен. Осы жылдар ішінде Жамбыл облысындағы барлық медициналық ұйымдар компьютерлік техникамен жабдықталды, интернет желісіне қосылды, барлық медициналық құжаттар электронды форматқа көшті. Денсаулық сақтау нысандарын тұрғызу екпіні де жоғары. Мәселен, 1991-2009 жылдар аралығында 27 медициналық нысан соғылса, 2009-2020 жылдары 217 нысан ел игілігіне берілген.
©©©
«Жамбыл облысы бойынша «100 мектеп, 100 аурухана» жобасы аясында құны 18,8 млрд. теңгеге 6 денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. «350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт және емхана салу» жобасымен жоспарланған 26 денсаулық сақтау нысанының ішінен құны 1,8 млрд. теңге болатын 25 мекеменің құрылысы аяқталды. Сонымен қатар, 2014 жылы ауысымына 250 келушіге арналған Меркі аудандық орталық емханасы ғимаратының құрылысы басталып, 2016 жылы пайдалануға берілді», — деп атап өтті спикер.
Leave A Reply

Your email address will not be published.