Жамбыл облысында 60 жылдық мерейтойын жасаған әкімге қатаң сөгіс берілді

0 10

Жамбыл облысында 60 жас мерейтойын туыстарының ықпалымен атап өткен аудан әкімі қатаң сөгіс түріндегі жауапкершілікке тартылды.

Әлеуметтік желіде бейнежазбасы тараған Байзақ ауданының әкімі Бақыт Қазанбасовтың қатысуымен өткен отбасылық мерекелік шара бойынша әкімнен түсініктеме алынған. Жамбыл облысы әкімінің міндет атқарушының 3 тамыздағы №173-Ж/Қ өкімімен Қазанбасовқа қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Сондай-ақ, Жамбыл облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хатына сәйкес Бақыт Қазанбасовқа ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425 бабымен 87510 (сексен жеті мың бес жүз он) теңге көлемінде айыппұл салынып, төленген»,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Б.Қазанбасовтың өз түсініктемесінде көрсетілгендей мерекелік іс-шара аудан әкіміне тосынсый ретінде туыстары тарапынан жасалғаны жазылған. Аудан әкімі отбасылық іс-шараны сол жерге келгенде біліп, құттықтауларды қабылдап, үйіне қайтқан. Түсініктемеде іс-шараға жақын туыстардан 38 адам қатысты делінген.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.