Жамбыл облысында бір тәулікте 5725 адам вакцина алды

0 11

Жамбыл облысындағы 10 зертханада тәулігіне шамамен 2600-2800 ПТР зерттеу жүргізілуде.

Жамбыл облысында соңғы тәулікте коронавирустың 219, пневмонияның 37 жағдайы тіркелді. Ал, облыс аумағындағы 10 зертханада тәулігіне шамамен 2600-2800 ПТР зерттеу жүргізілуде. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтып берді.

«Мониторингке сәйкес, бүгінгі дейін облыс аумағында жалпы COVID-19 вирусын жұқтырудың 15 457 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдылық көрсеткіші 1357,5 құрады. Пневмонияның – 6438 жағдайы тіркелген. Жалпы ауруханалардан – 11 713 азамат сауығып шықты»,-деді Ә. Қалиев.

Сондай-ақ, басқарма басшысы облыс бойынша 43 егу пункттері бар екенін жеткізді, олардың 15-і қалада, 28-і аудандарда орналасқан.

«Жамбыл облысында соңғы тәулікте 5725 адам екпе алды, оның ішінде 1-айналымда 3015 адамға, 2 айналымда 2710 адамға екпе жасалды. 18 тамыздағы жағдай бойынша 1 рет барлығы – 330484 адам вакцина салдырды, бұл жоспардағы 582 мың адамның 56,8 пайызын құрайды. Екпе алған 330484 адамның,​ 252425 вакцинаның​ екінші компонентін​ алды. Вакцина алғандар тарапынан денсаулығына теріс әсер беріп, шағым келтіргендер тіркелген жоқ»,-деді спикер.

Leave A Reply

Your email address will not be published.