Жамбыл облысында ислам діни бірлестігінің ғимараты өртенді

0 2

Жамбыл облысының Т.Рысқұлов ауданындағы ислам діни бірлестігінің ғимараты өртенді.

«20 тамыз күні сағат 17: 38-де ТЖД кезекші қызметіне Т.Рысқұлов ауданының Жарлысу ауылындағы өрт туралы ақпарат келіп түсті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы республикалық ислам діни бірлестігі филиалының 1 қабатты ғимаратындағы өрт жөндеу жүргізіп жатқан кезде шықққан».

ТЖД мәліметінше, өрт аумағы 90 шаршы метрді шарпыған. Ғимараттың қабырғалары рама, шатыры мембрана жабыннан жасалғаны белгілі болды.

Өрт сағат 18.53-те ауыздықталып, 19.20-да сөндірілді. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді. Өрт сөндіршілердің болжамынша, отты абайсыз қолданудан нысан өртеніп кеткен.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.