Жамбыл облысында карантин талаптары өзгерді

0 23

Жамбыл облысы аумағында әлеуметтік-экономикалық объектілер қызметін шектеу іс-шараларын жүргізу осы қаулымен белгіленген «сары» аймаққа арналған 1, 2-қосымшаларға сәйкес қабылданады», — деп жазылған құжатта. Аталмыш №1 қосымшада «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары көрсетілген. 1. «Сары» аймақтағы орналасқан мына нысандарда келушілер санын 70%-дан асырмай жұмыс істеуге рұқсат беріледі: — Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар — Бильярд — PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар — Боулинг — Цирктер — Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда), банкет залдары (мейрамханалар мен дәмхана типі бойынша қызмет көрсету). 2. «Сары» аймақтағы орналасқан мына нысандарда бір келушіге кемінде 4 шаршы метр алаң ұсына отырып жұмыс істеуге рұқсат беріледі: — Лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар — Букмекерлік конторалар — Балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары. Қаулының №2 қосымшасында «жасыл», «сары», «қызыл» аймақтардың үшеуінде де шектеусіз жұмыс істейтін нысандар тізімі берілген. Олар: — Салтанатты, ас беру, отбасылық іс-шараларды (банкеттер, ас беру) өткізу — Конференциялар, форумдар, адамдар көп жиналатын ойын-сауық және өзге де іс-шаралар — Көрмелер — Марафондар (ашық ауада) — Көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар — Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары (жаттығуларды қоса алғанда), фитнес-орталықтары, йога-орталықтары — Діни объектілер (жабық үй-жайларда ұжымдық құдайға құлшылық етуді өткізу) — Ойын клубтары (казино) — Түнгі клубтар — Караоке — Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда алаңы 1000 ш.м-ден асатын (азық-түлік емес) сауда желілері — Сауда алаңы 6000 ш.м-ден асатын (азық-түлік) сауда желілері — Бассейндер. Қаулының толық мәтінін мына жерден көруге болады.

Бағжан Әуесбекова.

Leave A Reply

Your email address will not be published.