Жамбыл облысында карантин талаптарын бұзғандарға 56,4 млн теңге айыппұл салынған

0

Жамбыл облысында жыл басынан бері карантин шектеуін сақтамаған 503 адамға 56,4 млн теңге айыппұл салынды.

Жаңа қаулы: ШҚО-да карантиндік шектеулер 19 маусымға дейін ұзартылды Сотталғандардың адвокатпен кездесуіне рұқсат етілді – жаңа Қаулы Жаңа қаулы: Банктер мен поштаның жұмыс уақыты ұзарды Маңғыстау облысында 17 нысан «Аshyq» жобасынан шеттетілді Жамбыл облысының полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қолданыстағы қаулысының талаптарын орындауға бағытталған мобильді топтардың жұмысын жалғастыруда. Мәселен, бір апта ішінде карантин шектеуін сақтамауға қатысты 15 факті анықталды.

Полиция қызметкерлері мобильді топпен бірлесіп жүргізілген рейд барысында Таразда жұмыс істеген компьютер клубын анықтады. Клубы карантин кезінде компьютер клубтардың қызметіне тыйым салынғанына қарамастан келушілерді қабылдаған. Аталған нысанның басшылығына қатысты материалдар жиналып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы бойынша әкімшілік шара қабылдау үшін Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды. «Өңірде карантин шектеуі жалғасуда. Жыл басынан бері рейд кезінде әртүрлі меншік нысанындағы 7 374 нысан тексерілді.

Мониторинг топтары карантин режимін сақталмауы бойынша 544 фактіні анықтады. Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы бойынша жалпы сомасы 56 413 805 теңге көлемінде айыппұл салып, ойын-сауық мекемелері және өзге де меншік нысандарының 503 иесін жауапкершілікке тартты», — деп хабарлады Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Рахымберді Әшкеев.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.