Жамбыл облысында күшті дауыл жұртты әбігерге салды

0 2

Жамбыл облысында күшті дауыл тұрып, тұрғындарды біраз әбігерге салды. Желдің күші кей жерлерде секундына 33 метрге дейін жеткен. Салдарынан аймақта электр желілері үзіліп, 14 мыңнан астам  абонент жарықсыз қалды. Ал Таразда ағаштар құлап, ғимараттардың шатыры ұшып кеткен. Жамбыл ауданында қатты соққан жел әскери бөлімшенің казармасын зақымдады. Ал Байзақ ауданында медициналық мекеменің су мұнарасы құлап қалды. Аймақтағы жауапты органдар жедел түрде ретке келтіру жұмыстарын қолға алды

Leave A Reply

Your email address will not be published.