Жамбыл облысында Nur Otan ғимаратын өртеді деген күдікті Нұр-Сұлтаннан ұсталды

0 16

Бұған дейін ҚР Ішкі істер министрлігі 19 қаңтарда төтенше жағдай режимі жойылған соң, еліміздің барлық өңірлерінде «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы өтетінін жариялаған еді. Аталған шараны өткізу кезеңінде 4 мыңнан астам қылмыс тіркелген, оның ішінде 300-ден астамы қоғамдық орында және 80-і көшелерде жасалған. «Әсіресе ең көп қылмыс Шығыс Қазақстан, Алматы, Қарағанды облыстарында, Алматы және Шымкент қалаларында жасалған. 2 700-ден астам қылмыс «ізін суытпай» ашылды»,- деді ҚР Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Бағланбек Айтпаев министрлікте өткен брифингте. Мысалы, спикердің айтуынша, 19 қаңтарда Ақтөбеде полиция қызметкерлері бұрын сотталған екі азаматты «ізін суытпай» ұстады.

Сымбат Бейсенова.

Leave A Reply

Your email address will not be published.