Жамбыл облысында притон ұйымдастырған ер адам ұсталды

0 4

Рейдтің бірінші күні Жамбыл облысының полиция қызметкерлері қыздарды жезөкшелікпен айналысуға тартқан, притон ұйымдастырған 40 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 309-бабы 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған азамат кінәсін толық мойындады. Сондай-ақ, 11 адам Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449-бабы 1-бөлігі (Қоғамдық орындарда тиісу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы 1-бөлігі (көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар беру) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталды. «Жеңгетай» санаты бойынша 1 адам және жезөкшелікпен айналысқаны үшін 3 әйел профилактикалық есепке алынды. Профилактикалық іс-шаралар жалғасуда»,- деп мәлім етті Жамбыл облысының Полиция департаменті баспасөз хатшысының міндетін атқарушы Бегман Құтмырзаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.