Жамбыл облысында қанша шақырым жол жөнелді

0 5

Биыл Жамбыл облысында жергілікті желі жолдарын орташа жөндеу бойынша 28 жоба іске асырылуда. Жол жұмыстарымен облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 214 шақырымы қамтылды. Бүгінге дейін соның 120 шақырымы жөнделді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Жол саласының мамандары «Қырғызстан шекарасына Тараз қаласының «Оңтүстік айналма» автомобиль жолын салу» жобасын аяқтады, «Ерназар-Қойгелді» аудандық маңызы бар автожол учаскесінде көпір салу жұмыстары жүргізілуде. Нысан ағымдағы жылы пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, өңірде облыстық маңызы бар жол учаскелеріне орташа жөндеу жүргізілуде: «Берлік-Мойынқұм-Ұланкөл», «Күйік-Қарабастау-Қаратау-Жаңатас-Саудакент», «Ақкөл-Қойгелді», «Тараз-Аса-Ақкөл-Саудакент», «Б.Момышұлы-Көлтоған-Қошқарата-Қызтоған», «Луговой бекеті-Қорағаты-Тәтті», «Тараз-Жетібай-Тегістік-Ойық», «Ақкөл-Ойық-Ұланбел», «Құмарық-Қызылту-Ақыртөбе», «Құмарық-Юбилейное», «Тараз-Сарыкемер-Түймекент-Ақшолақ»

Leave A Reply

Your email address will not be published.