Бердібек Сапарбаев ҰОС ардагерлеріне 36 миллион теңге берді

0

«Ерлік ешқашан ұмытылмайды». Қасиетті Отанды қорғауда біздің қаншама ержүрек батырларымыз майдан даласында қару жастанды. Олар кейінгі ұрпақтың бейбіт те берекелі ғұмыр кешуі үшін соғыс даласында қаймықпай, қасдұшпанға қасқайып қарсы шықты. Олардың ерлгі мен ержүрегінің арқасында халқымыз Жеңістің тәтті дәмін татты. Содан бері биыл міне 76 жыл артта қалды. Сұм соғыс талай жүректерді мұңға батырды. Майдан даласынан оралған аталарымыздың қай қайсысына болсын біз бүгінгі шуақты күнді сыйлағаны үшін қарыздармыз. Өмір заңдылығына сай ардагерлеріміздің қатары күн өткен сайын сиреп барады. Бірақ оларға деген құрметіміз бен ілтипатымыз ешқашан төмендемек емес.

Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне 1 миллион теңгеден біржолғы көмек берілді. Мұндай көмекті 36 ардагер алды.

Сонымен қатар 3477 тыл еңбеккеріне, 298 қаза тапқан жауынгердің ата-аналары мен жесірлеріне 50 мың теңгеден берілді. Жалпы облыс бойынша 225,1 миллион теңге біржолғы көмек көрсетілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.